{metadescription}
Депутаттар балаларды арнайы білімі бар мамандардың ғана емдеуін талап етуде
Депутаттар балаларды арнайы білімі бар мамандардың ғана емдеуін талап етуде

Депутаттар балаларды арнайы білімі бар мамандардың ғана емдеуін талап етуде

Емханаға педиатрды қайтару қажет. Депутаттар балаларды арнайы білімі бар мамандардың ғана емдеуін талап етуде. Елімізде балалар мен ересектер емханасы біріктіріліп, жалпы медициналық қызметке көшкелі бүлдіршіндердің денсаулығы нашарлаған дейді мәжілісмендер. Оның үстіне жұрт ұзын-сонар кезек күтуге мәжбүр. Сондықтан депутаттар медициналық оқу орындарына педиатрия факультетін, ал емханаларға балалар дәрігерін қайтаруды ұсынып, бүгін Денсаудық сақтау министрлігіне хат жолдады. 

Балалар мен ересектерге арналған емхананың біріккеніне бір жыл енді болса да, жұртты әбден ығыр қылған. Өйткені қазір қарттар мен жастарды, жүкті келіншектер мен балаларды бір дәрігер қарайды. Бұдан сапа төмендегені өз алдына, емханаларда ұзын-сонар кезек. Мәселен, астаналық Әлияның ұлы екі күннің бірінде ауырып қалады. Жас ана жылаған баласын жетектеп, ақ халаттыларды кешке дейін күтуге мәжбүр.

Әлия Алданбаева, Астана қаласының тұрғыны:

-Мысалы үшін біз баланың ыстығы көтеріліп барамыз, аяқ астынан. Мұнда бәрі по записью қабылдайды да, содан кейін кішкене қиналамыз. Үлкен адамдар отырады. Жасы келген адамдар, олар да ауырып келеді, біз де ауырып келеміз балалармен. Өте үлкен очередь. Екіде келсек, кешкі алтыға дейін отырамыз.

Сондықтан жұрт онсыз да мазасы қашқан ұл мен қызының жаны  қиналғанын қаламай, ақылы емханаға барып педиатрға қаралғанды жөн санайды. Бұрынғыдай бөлек балалар дәрігерін аңсаған ата-аналар сөйтіп, мәжілісмендерден араша сұрапты. Әрі отбасылық дәрігерлердің біліктілігіне көбі күмән келтіреді екен.

Дания Еспаева, Мәжіліс депутаты:

-Қазір әсіресе балалар зардап шегіп отыр. Кез-келген терапевт төрт айлық курсты тәмамдап алады да, бүлдіршіндерді емдей береді. Ал, бала ағзасы арнайы білімді талап етеді. Моральдық-психологиялық жағынан да кішкентайларға басқа қарым-қатынас керек.

Мәжілісмендер медициналық оқу орындарына «балалар дәрігері»  деген мамандықты шұғыл қайта енгізуді де талап етуде.

Ал еліміз әлемдік «Болон конвенциясына» кірген соң, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық академия мен университеттерден педиатрия факультетін жаппай жауып тастаған. Яғни, отандық медицина науқастарды жеке-жеке емес, жалпы емдеу жүйесіне көшкен. Бұл реформаға балалар дәрігерлері талай рет қарсылық білдірді. Бірақ одан түк шықпады. Енді бүгін наразы топтың қатарына депутаттар қосылып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.