Мәжілісмендер лаңкестікпен мықтап күресуге кірісті
Мәжіліс терроризм мен экстремизмге қарсы заң жобасын қайта қарауға кірісті. Ертең депутаттар парламентке сарапшылар, саясаттанушы мен дінтанушыларды шақырып, лаңкестерді қатаң жазалаудың жолдарын талқыламақ.
Автор: Жәудір Оразхан
07.09.2016
Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс депутаты:
-Азаматтық қоғамның өкілдерін жинап жатырмыз. Айдос Сарымды шақырдық, мысалыға. Берік Әбдіғалиұлын шақырдық. Діни басқарманың басшыларын шақырдық.. Бұл тек қана мемлекеттік органдар мен парламенттің ғана шаруасы емес. Бүкіл қоғам болып қатысуымыз керек. Ертеңнен бастап барлық ұсыныстарды жинаймыз.
Жаңа заң жобасы бойынша Қылмыстық кодекске өзгеріс енеді деп жоспарлануда. Және қару-жарақ сатылымына мемлекет тарапынан қадағалау күшейеді. Ал миграция қызметінің жауапкершілігі артады. Бірақ мәжілісмендер ел ішінде бүлік салған лаңкестерге өлім жазасын кесу туралы ұсыныс түспеді деп отыр. Депутаттар құжатты жаңа жылға дейін қабылдамақ. Ақтөбе мен Алматыдағы терактіден кейін президент терроризм мен экстремизм туралы заңға өзгеріс енгізіп, дін атын жамылған содырларға жазаны қатайту туралы тапсырма берген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!