Алматыда мәйіті бөлшектенген ер адамның тұлғасы анықталды
Алматыда үй аулаларының бірінен ер адамның кесілген басы мен қолы табылды. Көпқабатты үйлердің арасын кезіп жүрген қаңғыбас дене мүшелері салынған қалталарды қоқыс жәшігінен тауып алған. Кесілген бас пен қолдар екі пакетке бөліп салынған қалпында Райымбек және Абылай хан даңғылдарының қиылысындағы аулалардың біріне тасталған екен. Дененің қалған бөлігін полицейлер қылмыс болған үйден тапты. Марқұмның аты-жөні белгілі. Тәртіп сақшылары тіпті оны азаптап өлтірген адамды да білеміз деп отыр. Тек тергеу құпиясына байланысты олардың аты-жөнін атаған жоқ.
Автор: Ербол Тұрымбет
07.09.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!