Астанада 4 бала қымбат джиптың астында қалды
Астанада ірі жол апаты. Джип мінген жігіт бірнеше мектеп оқушысының өмірін қия жаздады. Қымбат көлігімен жүйткіген ол бұрылыстардың бірінде тізгінге ие бола алмай төңкеріліп, тротуардан бір-ақ шыққан. Темір тұлпардың астында қалған 4 баланың ең кішісі 9 жаста.
Автор: Жәудір Оразхан
07.09.2016
-Алкаш.
–Әдейі істеген жоқпын ғой.
Апаттан аман қалған балалар шұғыл ауруханаға жеткізілді. Бәрінде сынық жарақаты, бастарынан соққы алған. Дәрігерлер кішкентай науқастардың бірінің жағдайы нашар деп отыр. Болжам бойынша, 36 жастағы Лексус жүргізушісі жанындағы көлікпен жолға таласып, жылдамдықты асырған. Сөйтіп, жол жиегіндегі басқа көлікті жапырған күйі тротуарға бір-ақ аударылып түсіпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!