{metadescription}
Елімізде бірегей әрі теңдесі жоқ жаңа форматтағы кітап жарық көрді
Елімізде бірегей әрі теңдесі жоқ жаңа форматтағы кітап жарық көрді

Елімізде бірегей әрі теңдесі жоқ жаңа форматтағы кітап жарық көрді

Енді елімізге кітап арқылы саяхаттауға болады. Астанада бірегей әрі елімізде теңдесі жоқ жаңа форматтағы кітап жарық көрді. «Қазақстанға саяхат» деп аталатын туындыда, еліміздің 16 облысының байлығын, көрікті жерлерімен қоса тарихи қызықты фактілері көрсетілген.

«Қазақстанға саяхат» атты кітап еліміз туралы сыр шертетін жаңа форматтағы тұңғыш туынды. Кітап авторлары мұнда еліміздің әр облысын бөліп қарастырып, ең маңызды тарихи-географиялық және статистикалық мәліметтерді әдемі графика, заманауи дизаинмен көрсеткен. Авторларға мұндай қызықты кітапты шығару ойы бір жарым жыл бұрын келген. Сол кезде оны Тұңғыш президент қоры қолдап, бүгін туындының тұсауы кесілді.

Перизат Жұмажан, сценарий авторы, редактор:

- Қазақстанға келген қонақ осы кітапты қолына алып, елімізді көз алдына елестете алсын деген мақсатымыз. Соны іске асырдық деп ойлаймын. Көріп жатқан шығарсыз. Барлығы көз алдарыңызда, барлығы өте әдемі суреттелген.

Авторлардың сөзінше, кітап еңбектеген баладан бастап еңкейген қарияға дейін қызықты болады. Әсіресе, шет елдік туристердің де қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Сондықтан қазақ және орыс тілінде жарық көрген кітаптың ағылшынша нұсқасы да шығарылмақшы. 

Сағындық Нұраханов, Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры:

-Тұңғыш президент қоры бұл жобаны жайдан жай қолдаған жоқ. Біз еліміздің тарихы жайлы, мәдениеті мен танымал тұлғалары жайлы қызықты деректерді заманауи үлгіде көрсеткіміз келді. Бұл адамдардың қызығушылығын тудырады деп ойлаймын.

Әзірге туындының 2 мың данасы ғана жарық көрген. Тұңғыш президент қоры оны әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға таратпақ. Ал, кейін кітапты дүкен сөрелерінен де таба аласыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде