Елімізде бензин бағасы тағы шарықтай түсуі мүмкін
Сарапшылар бағаның өсуі мұнымен бітпейді деп отыр. Әрі бұған монополистерді кінәләуда.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
13.09.2016
Мұхтар Тайжан, сарапшы:
- Басты себеп, ол – монополия. Бұл нарықта монополизм бар. Монополия бар жерде, міндетті түрде баға өсе береді. Қалай болса да. Өйткені, монополистер ақшаға тоймайды.
Ал, қымбатшылықтың алдын-алу үшін заңға өзгеріс қажет дейді экономистер. Себебі, былтыр бензин бағасы еркіндікке жіберілгелі, қымбаттауын тоқтатар емес. Қазір жанармай бекеттерінде 92-інші бензин 129 теңгеден сатылуда. Ал, АИ-95 құны 152 теңгеге жетті. Дизель де қымбаттай түскен. Тамызда солярканың да бағасын реттеуден бас тартқанда Энергетика министрлігі оның құны 115 теңгеден аспайды деген. Онысы да құр сөз күйінде қалды. Қазір сұйық отынның бұл түрі 129 теңгеден сатылуда. Сарапшылар бұл жағдайға монополистерді айыптаса, монополияларды реттеу агенттігі тұщымды жауап бере алмай отыр.
Нұржан Уранхаев, Алматы қаласы табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары:
- Біз сараптама жүргізіп жатырмыз. Егер бағаның заңсыз көтерілгені анықталса, тиісті шара қолданылады. Негізі, баға еркін айналымға жіберілгендіктен, олар сұйық отын құнын өзгерту туралы бізді хабардар етуге міндетті емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!