Атышулы "Қорғас ісі" бойынша сотталғандарды парамен құтқарғысы келген күдікті ұсталды
Атышулы «Қорғас» ісі бойынша соңғы күдікті құрықталды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюро қызметкерлері Бекболат Қайырбаевты Алматы облысында қолға түсірді.
Автор: Олжас Байжан
13.09.2016
Ұсталған азамат ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Талғат Қайырбаевтың туған бауыры. Ол құқық қорғау органдарымен келіссөз жүргізіп, істі болғандарды бостандыққа жіберу үшін пара ұсынған. Сөйтіп лауазымды қызметкерлерге 3 миллион 200 мың доллар беріпті. Осы сома Талғат Қайырбаевқа қатысты қылмыстық істің тоқтатылуына септігін тигізуі керек болған екен. Ал қолына енді кісен салынған Бекболат Қайырбаев 2012 жылдың наурыз айынан бастап іздеуде жүрді. Қазір ол Талдықарғандағы тергеу қапасында отыр. Естеріңізге салсақ, Қорғастағы ұйымдасқан қылмыстық топ Қытайдан Қазақстанға контрабандалық тауарларды өткізуге жағдай жасап келген. Бұл іс бойынша 45 адам айыпталды. Ал екі жылдан аса уақыт бұрын бәріне қатысты сот үкімі шыққан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!