{metadescription}
Қарағанды облысында азаматтың балаларын тірідей өртеуіне келіншегімен  ажырасуы себеп болған
Қарағанды облысында азаматтың балаларын тірідей өртеуіне келіншегімен  ажырасуы себеп болған

Қарағанды облысында азаматтың балаларын тірідей өртеуіне келіншегімен ажырасуы себеп болған

Ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіңнің кесірінен 4 адамның өмірі қиылды.Жантүршігерлік оқиға Қарағанды облысының Приозерск қаласында болды. Жергілікті тұрғын 8 жасар ұлы мен өзінің үстіне жанармай құйып өртеп жіберген. 

Жеткіншек сол мезетте жан тапсырды. Ал 49 жастағы әкесі –Владислав Ким отқа оранған күйі 4-ші қабаттағы пәтерден секіріп кетіпті. Түрлі жарақаттар алып, денесінің 90 пайызы күйген ол бүгін Балқаш қаласындағы ауруханада қайтыс болды. Оның жантүршігерлік қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болған көрінеді. Өйткені бүгін ол әйелімен сотта ажырасу процесі бойынша жолығуы керек екен. Айта кетейік, қайғылы оқиға болған пәтерден шыққан өрттің түтінінен жоғарғы қабаттағы екі тұрғын да тұншығып өлген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде