Депутаттар ауыл әкімдеріне бюджетті беру жемқорлыққа жол ашатынын айтты
Ауыл әкімдері де жеке бюджет ұстайтын күн алыс емес. Бүгін Ұлттық экономика министрі осы туралы заң жобасын Мәжіліске таныстырды.
Автор: Досжан Маратұлы
13.09.2016
Оған сай, енді ауылдар мен кішігірім кенттердің де өз бюджеті құрылмақ. Ал, қазір елімізде Республикалық, облыстық және аудандық бюджеттің үш деңгейі жұмыс істейтіні белгілі. Егер заң жобасы мақұлданса, ауылдар қазіргідей облыс пен ауданға қол жаймай, өзін-өзі басқарады деген сөз. Яғни, жұрттың төлеген салығы алысқа кетпей, өз ауылының игілігіне жұмсалмақ. Әкімдердің құзыретін арттыруды көздеген Үкімет осы арқылы оларға мол жауапкершілік жүктемекші. Бірақ, ауыл әкіміне ақша ұстата салу әлі ерте дейтін депутаттар көп.
Майра Айсина, Мәжіліс депутаты:
-Біраз уақыт бұрын аймақтарды аралап халықпен кездестік. Сонда білгенім, жұрт ауыл әкімдерінің бюджеті барын және қалай жұмсап жатқанын білмейді екен. Сондықтан осы жұмысты жалғастыру үшін ең әуелі осы ақпаратты халыққа дұрыстап жеткізуіміз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!