Семейде су жаңа көлік әперемін деп 18 адамның ақшасын сыпырған алаяқ сотталды
Жұрттың сеніміне кірген Әсет Изатов үш жылда 55 млн теңгені қалтаға басқан. Сотта сөз алған айыпталушы кешірім сұраумен әлек болды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
14.09.2016
28 жастағы жігіт Семей, Өскемен, Риддер қалаларының тұрғындарын алдап соққан. Өзін ірі кәсіпкер ретінде таныстырған ол шырмауына түсіретін адамдарды да тек қалталылардан таңдаған. Оларға қымбат көліктерді арзан бағаға алуға болатынын айтып уәдені үйіп төгіпті. Бұған имандай сенген тұрғындардың кейбірі миллиондаған теңге несие рәсімдеп, алаяққа ұстатып жіберген. Арбауына түскендер қаражаттарының енді қайтарылмайтынын білсе керек. Өйткені, зардап шеккендердің бірі де сотта бой көрсетпеді. 55 млн теңгені қайда жұмсағанын түсіндіре алмаған алаяқтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!