{metadescription}
Алматыда интернет арқылы есірткі сатқан студенттер мақтаулы университеттерде оқитын боп шықты
Алматыда интернет арқылы есірткі сатқан студенттер мақтаулы университеттерде оқитын боп шықты

Алматыда интернет арқылы есірткі сатқан студенттер мақтаулы университеттерде оқитын боп шықты

Алматыда жалдамалы пәтерде есірткі өсіріп, оны интернет арқылы саудалап жүргендер ұсталды. Күдіктілер тура көпқабатты үйдегі баспанада қолдан жылыжай жасап алған.

Сұлтан Құсетов, ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің басшысы:

-Таяуда Алматыда, ұзақ жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде 20-25 жас аралығындағы 8 адамнан тұрған қылмыстық топты ұстадық. Олардың төртеуі Швейцария, Ресей және Қазақстанның белгілі жоғары оқу орындарының студенттері.

Жас жігіттер қазір тергеу абақтысында. Олар тауарды Алматыдағы  жалдамалы пәтерде сақтап келіпті. Мұнда есірткінің түр-түрі бар: шөп, ұнтақ күйдегісін де таба аласыз. Бәрін сатуға ыңғайлап, пакеттерге салып дайындап қойған. Сақшылар бұл пәтерден 20 келі есірткі тапты. Қылмыстық топ ұялы телефон, интернет, әлеуметтік желі арқылы хабарландыру жасап,  тапсырысты жасырын жеткізіп береді екен. Ал клиенттерден ақшаны тек киви-кошелек арқылы алып отырған. Жалпы, елімізде соңғы кезде интернетті пайдаланып есірткі бизнесімен айналысатындар саны көбейген. Жыл басынан бері есірткі, тыйым салынған өзге де тауар сатқан 250 жуық сайт соттың шешімімен жабылыпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде