Павлодарда жалғыздықтан әбден қажыған зейнеткер өзіне қол салды
Павлодарда 68 жастағы мүгедек тоғызыншы қабаттан құлап өлді. Сұмдық жағдайды көрген куәгерлер оның жарты жылдан бері арбаға таңылып, күйзелісте жүргенін айтып отыр.
Автор: Әйгерім Шакаманова
14.09.2016
Ер адамның терезеден басын шығарғанын аңғарған көрші-қолаңның айтуынша, ол пәтерде жалғыз қалған. Қарсы үйдегі адамдар оны тоқтатуға әрекеттенгенімен үлгермепті. Ақыры ауладағы ағаштардың арасына түскен азамат сол жерде жан тапсырған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал оны кеше ғана тірісінде көрген көршілері қос аяғы сал азамат терезенің жақтауына қалай шыққанын түсіне алар емес.
Галина Матухова, көршісі:
– Николай Иванович осыдан жарты жыл бұрын сал болып қалған еді. Үйінде де арбамен жүретін. Жұбайы жәрдемақысы жөнінде білуге кеткенде, осы қадамға барған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!