Депутаттар жаңа премьерге сауалды қарша боратып, Чернобыль апатынан зардап шеккендерге араша түсті
Чернобыль апатынан зардап шеккендердің әйелдері мен балаларына әлеуметтік жеңілдік жасалуы мүмкін. Мәжілісмендер жарылыс болған жерді тазартуға қатысқан мыңдаған азаматтың отбасына мемлекет есебінен медициналық көмек көрсетілсін деп, бүгін жаңа премьер Бақытжан Сағынтаевқа сауал жолдады.
Автор: Жәудір Оразхан
14.09.2016
Магеррам Магеррамов, Мәжіліс депутаты:
-Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтарды үйде әйелдері қарап отыр. Көбі жүріп-тұра алмайды, төсекке таңылған. Олар қайтыс болса, артында қалған балалары мен әйеліне әлеуметтік көмек көрсетілмейді. Мұндай отбасыларды медициналық тіркеуге алып, арнайы емдеу керек.
Бұдан бөлек, депутаттар Чернобыль апатынан зардап шеккендерге төленетін жәрдемақының да көлемін арттыру қажет дейді. Қазір чернобыльдықтар небары 20 мыңнан астам теңге алады екен. Бұл қаржы басқаны қойып, дәрі-дәрмекке де жетпейді. Сондықтан сапалы медициналық көмектен бөлек, оларды баспанамен де қамту керек дейді мәжілісмендер. Қазір елімізде радияциядан зардап шеккен науқастарды емдейтін маман жоқтың қасы. Айта кетсек, жарылыстан кейін атом электр станциясын тазартуға қатысқан 30 мыңнан астам адамның қазір 5 мыңы ғана арамызда жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!