{metadescription}
Кәрімовтің қазасына көңіл айтып барған Назарбаев  Өзбекстанға астық сату мәселесін де шешіп келгенін айтты
Кәрімовтің қазасына көңіл айтып барған Назарбаев  Өзбекстанға астық сату мәселесін де шешіп келгенін айтты

Кәрімовтің қазасына көңіл айтып барған Назарбаев Өзбекстанға астық сату мәселесін де шешіп келгенін айтты

4 жылдан кейін түйткілді мәселелер түгел шешімін табады. Ақмола облысының астықты алқаптарын аралап, диқандарымен дидарласқан Нұрсұлтан Назарбаев бүгін осылай деді. Бітік шыққан егінді көріп марқайған Елбасы, елді дағдарыстан алып шығатын саланың бірі де осы ауыл шаруашылығы екенін айтты. 

-Қазір ауа райы егін жинауға қолайлы болып тұр. Сондықтан диқандар алқаптарда қызу жұмыс істеп жатыр. Өйткені, күн суып, бидай қар астында қалмауы үшін науқан алдағы бір аптада аяқталуы тиіс.

Оның үстіне еліміз жыл сайын шет елге тасымалдайтын астық көлемін арттырып келеді. Яғни биыл Қытай, Иран және Парсы шығанағы елдері де  қазақтың бидайын сатып алуға құлшынып отыр. Сондықтан, Елбасы егістік алқабтарының басы қасында өзі жүр. Диқандармен кездесіп, биылғы өнімді көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-«Жағдай жақсы» деп айтуға болады. Біз енді 20 миллион тоннадан артық астық жинаймыз деп отырмыз. Сапасы да жақсы, шығуы да жақсы. Енді уақытында жинап алу керек. Қазірдің өзінде егіннің 65 пайыздан астамы жиналды.

Егістікті көріп, бір марқайып қалған Назарбаев кейін қиын-қыстау кезеңдерді, әсіресе, тәуелсіздік алған жылдары бидай егудің оңай болмағанын еске алды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Осындай механизатормен сөйлескенде:« олар менен темекі бер?» деп сұрайтын. Қалтамда алып жүретінмін өзім шекпесем де соларға берейін деп. Қант жоқ дейді, дүкендерде ештеңе жоқ кез еді.

Ал, қазір егін егу елдің негізгі кәсіптерінің бірі. Әлемнің озық техникалары астықты жылдам егіп, жылдам жинап алуға мүмкіндік беріп отыр. Жетістіктерді тізе келе президент дағдарыстан шығатың күннің де жақындағанын айтты. Сөйтіп, қазақ елі 2020 жылы молшылықта өмір сүретініне сенімін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Қазір барлық жерде дағдарыс. Бұдан тек келер жылдан бастап біртіндеп шыға бастаймыз. Құдай қаласа, 2020 –шы жылдан бастап жағдайымыз жақсара бастайды. Құрбан айтта  Ташкентке барғанда көңіл айтып бардым бір жағынан.  Екінші жағынан астықты шығару жағын келістік. Сондықтан астық болса, астықты сатсақ жақсылап, өзімізді-өзіміз қамтамасыз етсек, әл-ауқатымыз барлығы жақсы болады.

Сондықтан Елбасы шаруаларды босаңсымауға шақырды. Өйткені, қазір көрші Ресейдің де өнімі молынан шығып, бәсекелестік туып отыр. Сондықтан бірінші кезекте астықты шашпай төкпей, қар астында қалдырмай тезірек жинап алу керек. Бұл ретте синоптиктердің де болжамы көңіл көншітіп отырған жоқ. Алдағы апта жауынды болады деп күтілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде