Жаздағы лаңкестік шабуылдардан кейін дәрігерлер де біліктілігін арттыруға көшті
Алматылық ақ халаттылар ресейлік мамандармен тәжірибе алмасып, күрделі жарақаттарды емдеудің қыр-сырын талқылауда.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
15.09.2016
Жедел көмек көрсету ауруханасының дәрігерлеріне Санкт-Петербург қаласынан келген маман шеберлік сабақтарын өткізіп жатыр. Айта кетсек, бұл мекеменің өзі биыл 120 жылдық мерейтойын атап өтуде. Соның аясында өтіп жатқан тәжірибе алмасу шарасында халық жиі шалдығатын дерттермен күресу жолдары талқыланды. Әсіресе, ми қан айналымының бұзылуын мейлінше тез емдеу тәсілдері ортаға салынды. Жазда Алматыда болған лаңкестік шабуылдан көз жұмғандардың жарақаты да айтылмай қалмады. Ресейлік маман, содырлардың құрбаны болғандарды емдеуде отандық дәрігерлер ешқандай қателік жібермеген деп отыр.
Вячеслав Афончиков, анестезиолог-реаниматолог (Ресей):
- Әрине, Алматыдағы лаңкестік шабуылдан зардап шеккендердің бәрін құтқару мүмкін болмады. Атылған оқ мидың негізгі құрылымдарын толығымен бұзса, оны медицинасы дамып кеткен шет елдің мамандары да емдей алмас еді. Дегенмен, науқастарды емдеуде қазақстандық дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!