{metadescription}
Алматыда түрмеде зорланған Слекшинаның адвокаттан неліктен бас тартқаны белгілі болды
Алматыда түрмеде зорланған Слекшинаның адвокаттан неліктен бас тартқаны белгілі болды

Алматыда түрмеде зорланған Слекшинаның адвокаттан неліктен бас тартқаны белгілі болды

Алматыдағы тергеу абақтысында зорланған Наталья Слекишина адвокатынан бас тартты! Сот аяқталуға жақын қалғанда келіншек қорғаушының қызметіне мұқтаж емеспін деп түрмеден қағаз жіберген. Алайда адвокат, абақты қызметкерлері бұған әйелді әдейі мәжбүрлеген дейді. Өйткені ол соңғы рет жолыққанда, Слекишинаның беті көгергенін байқаған. 

  Темір тордың ар жағында өзіне жәбір көрсеткендермен Слекишина енді жалғыз өзі күреспек. Ол түрмеден сотқа адвокаттан бас тартамын деп өтініш түсірткен. Мұны естіген адвокаты мән-жайын білу үшін әйелге бірден барған екен. Бірақ, сондағы көргені – жағасын ұстатыпты.   

Айман Омарова, адвокат: 

-Бетіне  кремді қабат-қабат қылып жағып алған. «Айман Мұратқызы, мен сізге айтып едім ғой» деді. «Мені солай мәжбүрлеп жатыр, мен сол үшін сізді жаңағыдай айтамын адвокат маған керек жоқ» деді.

Соты аяқталуға жақын қалғанда бұлай бас тартуы қисынсыз дейді адвоткат. Өйткені соңғы куәгерлер сотта салмақты сөйлеген. Ал енді Слекишинаның қара басын қалғанын пайдаланып, қарсы тарап істегі бар айғақты жоққа шығаруы мүмкін. 

 Айман Омарова, адвокат: 

-«Дәлелдер жоқ» деп прокурорлар да айтып жатыр. Қалай дәлелдер жоқ? Заңсыз телефонын  тыңдаған. «Мен жалғыз басыма аламын»деп тұр Хакимов,- «ал сендер болсаңдар төлейсіңдер» деп тұр. «Сен бір ай төлейсің, сен бір ай төлейсің, сен бір ай.» Төлейтін  ол – Хамракулов, Исаев, Мұхамеджанов.

Бірақ, бұлардың бәрі енді жазадан құтылып кетуі мүмкін. Қазірдің өзінде үш қызметкер тергеуден босатылған. Естеріңізге салсақ, қазір жазасын өтеп жатқан 32 жастағы Наталья Слекишина тергеу қапасының төрт бірдей қызметкері зорлады деп шағымданған еді. Бірақ қазір сот алдында біреуі ғана жауап беріп жатыр. Ол түрмеде туылған сәбидің әкесі деп танылған майор Руслан Хакимов. Қалғаны тек куәгер ретінде қатысуда. Десе де, процестен аяқасты аластатылған адвокат бәрібір де істі орта жолда қалдырмаймын деп отыр.    

-Ертең кезекті сот процесі. Онда жарыссөзге келіншектің өзі түседі. Ешқандай заңгерлік білімі жоқ Слекишинаның өзін-өзі қалай қорғайтыны әзірге белгісіз. Өйкені, оған сақадай сай дайындық керек. Ал ол қазір жазасын өтеп жатқан жерде ондай жағдайдың жасалуы екіталай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде