{metadescription}
0:000:00
Қытайға төнген жойқын тайфуннан қаза тапқандар саны артты

Қытайға төнген жойқын тайфуннан қаза тапқандар саны артты

Қытайға төнген жойқын тайфуннан қаза тапқандар саны он адамнан асты. Дауылдан тағы 700 мың адам зардап шеккен. Бұған қоса, астан-кестеңі шыққан аймақтарда ондаған адам ұшты-күйлі жоғалды.

«Меранти» деп аталатын тайфун Қытайдың оңтүстік-шығысындағы 80 шағын елді мекенді белшеден суға батырды. Мыңдаған ғимараттың тас-талқаны шыққан. Ал Фуцзянь провинциясында электр сымдары үзіліп, миллиондаған адам жарықсыз қалып отыр. Дүлей дауыл жүрген жерлерде темір жол қатынасы тоқтатылып, әуе кемелері де жаппай рейстерін кейінге шегеріп жатыр. Ал әбден шошынып қалған тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілуде. Қазір апаттан келген шығын шамамен 250 миллион долларға жетті. Бұған қоса, дауыл Чжэцзян аймағына қатты нөсер ала келіпті. Айта кетсек, «Меранти» әлем бойынша осы жылдағы ең қауіпті тайфун. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде