{metadescription}
0:000:00
Қарағандыда судьяны сапалақпен ұрған атышулы заңгер бостандыққа шықты

Қарағандыда судьяны сапалақпен ұрған атышулы заңгер бостандыққа шықты

Судьяны сапалақтен ұрғаны үшін 3 жылға сотталған қарағандылық заңгер Евгений Танков бостандыққа шықты. Түрмеде жатып өткені мен бүгінін саралаған ол қоғамдағы былықты әшкерелейтін 27 кітап жазғанын айтады.

Танков 7 мың беттен асатын қолжазбамен айналысамын деп, абақтының ішкі тәртібімен міндеттелетін жұмыстарға араласпаған. Әкімшіліктің мәжбүрлегенінен де түк шықпаған сыңайлы. Өйткені заңгер оларды арыз-шағымның астына алып, естерін шығарыпты. Тіпті жылдың басында 40 күн нәр татпай жатып алғаны да бар. Дегеніне көндіргесін, жұмыс істемек түгілі қалаған асын жеке отырып жейтін болыпты. Заңды бүге-шүгесіне дейін білгендіктен, 100 -ден аса сотталушының мерзімінен бұрын шығуына септігі тиген. Екі жарым жыл бұрын Танков судья Арай Алшынбековке сапалақ сермеген еді. Осы арқылы судьяның біліктілігіне күмән келтіру акциясын ғана көрсеттім деген. Бірақ әлгі судья сапалақтан ауыр жарақат алдым деген соң, Танков түрмеге жабылды.

Евгений Танков, заңгер:

-Істеген ісіме еш өкінген емеспін. Бұл қандай да бір әділетсіздікке деген қарсылық шарасы. Сол кездегі және осы жердегі былықтарды әшкерелейтін жазбаларымның алды осы күзде кітап боп шыға бастайды. 3-ші немесе 4-ші кітаптағы деректер бойынша мені тағы да түрмеге жабуға әрекет жасалуы мүмкін.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде