Қысқы Универсиада қонақтарын күтіп алу үшін де, шетелдіктер шақырылатын болды
Алматылықтар ерікті болуға аса ықылас таныта қоймаған соң ұйымдастырушылар сырттан адам тартып жатыр.
Автор: Аруна Ортай
16.09.2016
Яғни небәрі 5 айдан соң басталатын додаға қажетті еріктілердің бас-аяғы әлі жиналмаған. 6 мың адамның орнына небәрі 600-дей кісі ерікті болуға ниет білдіріпті. Олардың да келуі екіталай. Сол себепті, Қысқы Универсиаданы ұйымдастырушылар шетелдіктерді тартуға мәжбүрміз дейді. Айта кетейік, еріктілердің міндетіне спортшыларды әуежайдан күтіп алып, қалашыққа орналастыру, туризм секілді шаруалар кіреді. Ұйымдастырушылар жарысты тамашалағысы келетіндердің жылы киініп келуін де сұрады. Өйткені қауіпсіздік шараларының күшейтілуіне байланысты тұрғындар әдеттегідей спорт кешендерінің кіреберісінде емес, тура көшеде тұрып тексеруден өтетін болады.
Наил Нұров, «Универсиада-2017» ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының директоры:
-Қауіпсіздік талаптары күшейтілген. Сондықтан, біз Қысқа Универсиада қатысушылары мен қонақтарын даладан тексеретін боламыз. Ол үшін арнайы құрал-жабдықтар қосымша сатып алынады. Сол себепті де, оған түсіністікпен қарауын сұраймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!