{metadescription}
Еліміздегі педофилдер көп тұратын аймақтар белгілі болды
Еліміздегі педофилдер көп тұратын аймақтар белгілі болды

Еліміздегі педофилдер көп тұратын аймақтар белгілі болды

Бас прокуратураның мәліметінше, биыл балаларға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен қылмыскерлердің саны әсіресе, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік пен Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары және Алматы қаласында артқан.

Қара тізімде Астана да бар. Елордада кәмілеттік жасқа толмаған ұл мен қызды азаптап, зорлағандардың қатары өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай көбейіпті. Сондықтан осы аталған өңірдегі ата-аналар балаларына аса сақ болғаны абзал. Жалпы еліміз бойынша биыл 8 айда педофилдерге қатысты 232 қылмыстық іс тіркелген. Мәселен, қазір 32 жастағы азғын әбден қорлаған 6 жастағы ақтаулық қыз есін білмей Астанада ауруханада жатыр. Ал интернетте педофилдердің суреті, анкетасы, 1998 жылдан бері істі болғандар мен жазасын өтеп шыққандардың тізімі жазылған  арнайы карта бар. Оны кез-келген адам көре алады. Бүлдіршіндерді айуандықпен қорлағандар енді 2018 жылдан бастап заң бойынша химиялық жолмен піштіру арқылы жазаланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде