{metadescription}
Ақтөбеде күш құрылымдарының оқыс жаттығуы жұртты шошытты
Ақтөбеде күш құрылымдарының оқыс жаттығуы жұртты шошытты

Ақтөбеде күш құрылымдарының оқыс жаттығуы жұртты шошытты

Ақтөбе жұрты тағы дүрлігіп қалды. Демалыс күндері қалада қару асынған адамдар мен әскерилер қаптап кеткен болатын. Маусымдағы оқиғадан шошынып қалған тұрғындар тағы да лаңкестер шабуыл жасады деп ойлаған.

Сөйтсе, лаңкестікке қарсы жаттығуды ұйымдастырушылар халықты алдын ала әдейі ескертпепті. Өйткені күш құрылымдарының дайындығын төтеннен келіп тексермек болған. Прокуратура, Ішкі істер басқармасының және жұмыспен қамту орталығының ғимараттарын қоршауға алып, тұрғындарды жақындатпай қойды. Кейін полицейлер мұның бәрі жаттығу екенін түсіндірумен әлекке түсті. Елдің үрейін ұшырса да, ұйымдастырушылар тексеріс сәтті өтті деп отыр. Әрі алда осындай шараның бірнешеуін өткізбекші екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде