Павлодарда АИ-92 бензинінің тапшылығы сезіле бастады
Жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек болмағанымен, жергілікті мұнай-химия зауытының өнімі сатылатын станцияларда АИ-92 талонмен ғана беріліп жатыр.
Автор: Әйгерім Шакаманова
20.09.2016
Өйткені кәсіпорын жөндеуге жабылған. Дефицитке Омбыдағы мұнай өңдеу зауытының да уақытша жұмысын тоқтатуы әсер еткен. Шаһардағы бекеттерде қазір «жанармай талон бойынша беріледі» деген хабарландырулар ілініп, жұрт алаңдай бастады. Қос зауыттың бір уақытта жабылуына байланысты дизель отыны тек шаруаларға беріліп жатқанын да айта кетейік. Ал атқамінерлерге сенсек, мәселе жақын күндері шешілуі тиіс.
Асхат Жармағамбетов, Павлодар облысы кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары:
- Павлодарлық зауыты жөндеуде. Сол себеппен бізде біраз жетіспей жатыр 92-ші бензин. Біздің мәліметтер бойынша 10 күннің ішінде жағдай түзеледі. Жақын арада зауыт жөнделген соң ішкі жағдай түзеледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!