Елімізде үлкен шудан соң педиатрлар емханаларға қайта оралатын болды
Енді олар бұрыңғыдай кішкентай балаларды үлкендермен жағаластырмай, бөлек ем-домын жасамақ.
Автор: Ербол Сейілхан
20.09.2016
Бір сәтте емхана мен ауруханаларда педиатрлардың ұшты-күйлі жоғалуы тұрғындардың түсінбестігін туғызған. Сөйтіп, баласын құшақтаған ата-ана ересек науқастармен кезекке тұрып, бірнеше қызметті қатар атқаратын дәрігерге көрініп келген еді. Алайда, бүгін Денсаулық сақтау министрі педиатрия факультеттерінің жабылмағанын, кішкентайларға жеке ем-дом көрсететін мамандардың емханаларға қайта оралатынын айтты. Тамара Дүйсенова педиатрлардың жетіспеушілігін нақтылап, бұндай ақ халаттылармен медицина мекемелерін қамтамасыз етуге жоғары оқу орындары дайын екенін де мәлімдеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!