{metadescription}
Ұлттық экономика министрлігі  азық-түлік бағасын  өсірмеуді заңмен бекітуді ұсынды
Ұлттық экономика министрлігі  азық-түлік бағасын  өсірмеуді заңмен бекітуді ұсынды

Ұлттық экономика министрлігі азық-түлік бағасын өсірмеуді заңмен бекітуді ұсынды

Өтірік базар аралауды доғару керек! Бүгін премьер-министр дүкен мен базар аралайтын әкімдердің ісін «көзбояушылық» деп атады.  Өйткені, шенеуніктер келіп-кеткен соң бағаның өзгеретіні баршаға аян. Ал әкімдер мұны біле тұра, жарнама қуғыш. Шынайы ахуалды білмейтін осындай шенділердің кесірінен халық алыпсатарларға жем болып, баға да сәт сайын өсіп жатыр. «Рейтинг қуғыш» әкімдерді бүгін Үкімет басшысы елдің көзінше сынап, былықтарын бетіне басты. 

Премьер болғалы осымен екінші рет Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізген  Бақытжан Сағынтаевтың арыны да, ашуы да қатты. Азық-түлік бағасының қымбаттап жатқанын естіген ол, қарамағындағыларына дүрсе қоя берді. Әсіресе, соңдарына журналистерді ертіп алып рейтинг қуатын  облыс әкімдеріне шүйлікті. Өтірік базар аралайтындардың ісін Үкімет басшысы таза «көзбояушылық» деп ашығын айтты.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

-Біздің әкімдер нақты жұмыс істеп, қымбатшылықтың себебін  анықтаудың орнына өздерін көрсетіп қалғысы келеді. Базар аралап, көптің көзінше азық-түлік бағасын тексергендей болады. Саудагерлердің әкім келерде бағаны арзандатып қоятыны түсінікті емес пе? Оны өздері де жақсы біледі. Менімше, бұл таза пиар.

Азық-түлік бағасына маниторинг жүргізудің орнына телеэкран мен газет бетінен түспейтін әкім мен министрлер Сағынтаевтың ашуынан сескенді ме, үнсіз құтылды. Қарамағындағыларының көзбояушылығын жақсы білетін премьердің алдында , Ұлттық экономика министріне мән-жайды түсіндіруге тура келді. Бишімбаев азық-түлік құнының өсуіне заңмен шектеу қою керек деп отыр. Себебі бағамен ойнайтын кәсіпкерлерді қатал жазаламаса болмайды.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

-Қазір әкімдіктер базардағы бағаны қадағалай алмайды. Сондықтан ірі саудагерлер бір-бірімен ауыз жаласып азық-түлік құнын қымбаттатып жатыр. Сол үшін тым болмағанда кейбір әлеуметтік тауарлар бағасының өсуіне заңмен шектеу кою керек.   

Бас экономисттің бұлай деуі бекер емес. Өйткені, жақында монополистер жүргізген тексеру кезінде біраз былықтың беті ашылыпты. Мәселен, Жамбыл облысында нан бағасы еш себепсіз 12 теңгеге шарықтаған. Қостанайда тауық етінің келісі бірден 50 теңгеге қымбаттапты. Павлодарда да қымбатшылық. Мұнда қарақұмық пен қант бағасы 15-20-теңгеге өскені анықталып отыр.

Енді Сағынтаевтың қатал сынынан кейін әкімдер өздерін  жарнамалауды мүлдем доғарып, базар мен дүкендерге жалғыз баратын шығар. Себебі, Астанада отырған премьер теледидардан жиі көрінетін атқамінерлердің ісін «пиар» деп қабылдайтыны белгілі боп қалды. Жалпы, батыл мәлімдемелерімен жиі көріне бастаған Үкімет басшысы отырыста азық-түлік қана емес, дәрі-дәрмек құнының да аспандап кетуіне жол бермеуді мықтап тапсырды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде