{metadescription}
 ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 6 адам мерт болып, 16-сы  өлім аузында жатыр
 ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 6 адам мерт болып, 16-сы  өлім аузында жатыр

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 6 адам мерт болып, 16-сы өлім аузында жатыр

Оқыс оқиға «Шымкент-Ташкент» тас жолында болған. Сарыағаш ауданынан облыс орталығына жолаушы тасымалдауға шыққан шағын автобус жолай жеңіл көлікпен бетпе-бет соғылыпты. 5 адам оқиға орнында жантәсілім етсе, 3 жасар бүлдіршін ауруханада көз жұмды.

Ыңырсыған адамдар, шашылып жатқан денелер мен заттар. Бұл кадрларды жол апаты болғаннан кейін жолаушылар түсіріп алған. Сарыағаш ауданына қарасты шекара бекетінен шыққан шағын автобус пен «Тойота» Шымкенттен 40 шақырым жерде соқтығысқан. 15 адамды алып келе жатқан «Форд Транзит» алдындағы жүк көлігінен озбақшы болып, қарсы бетке шығыпты. Сол кезде басқа жеңіл көлікпен соғысып, аударылып кеткен.

Талғат Боранов, зардап шегуші:

-«Газель» айналды ғой. Үсті астына қарап қалды домалаған кезде. «Газельдің» ішінде аяғы ауыр әйелдер де бар еді, бала-шағасымен.

Микроавтобустың 56 жастағы жүргізушісі, үш жолаушысы және «Тойота» тізгіндеген 29 жастағы жігіт сол жерде көз жұмған. Қалғандары жедел жәрдеммен және жолай өтіп бара жатқан көліктермен Шымкенттегі ауруханаларға жеткізілді. Апат кесірінен күйеу баласынан айрылған Ұлжан енді қайын сіңлісінің амандығын тілеп жүр.   

Ұлжан Мұсабаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Бізге хабарласып  шақырды. Барсақ аяқ киімдері бір жерде ,өзі бір жерде жатқан екен. Аржағында 4 өлікті жатқызып қойыпты. Қайынсіңлімді алып кеткен екен жедел жәрдем барсам. Операция жасады. Бауыры  2 жерден тесілген.

Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген 16 адамның 4-уі ғана палатаға шығарылыпты. Қалған 12-сі әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

Сәбит Байбосынов, дәрігер:

-Түскен науқастардың барлығының жағдайы ауыр. Алған жарақаттары қосарланған ауыр жарақат, бастың ашық ми жарақаты, мидың соғылуы, шайқалу диагнозымен көкірек қуысының жабық жарақаты. Аяқтарының сынуы, травматикалық шоктың ауыр дәрежесімен түсті.

10 ересектен өзге балалар ауруханасына 7 балдырған да түскен. Өкінішке қарай, ауыр жағдайда жеткізілген балалардың бірі – 3 жасар қыз ес жимастан көз жұмды. 4 пен 10 жас арасындағы тағы алтауы хәл үстінде жатыр. Полицейлер болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірақ тергеушілерге енді ауруханада жатқандардың ес жиюын күтуіне тура келеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде