{metadescription}
0:000:00
Семейде туыстары бас тартқан науқастар жатқан ауруханада ерекше шара өтті

Семейде туыстары бас тартқан науқастар жатқан ауруханада ерекше шара өтті

Қайырымды жандар көңілі жарым қариялар мен мүгедектерге концерт ұйымдастырып, тұрмыста қажет болатын сыйлықтарын да ала келіпті. Төсек-орын жабдықтары, су жаңа киім-кешек және қоларбаға ие болған олар балаша қуанып қалды. Өз жақындарынан мұндай жақсылық көрмегендер тіпті көздеріне жас алды. 

Бұл жерде сан тағдырлар тоғысқан. Басым бөлігінің бала-шағасы бар. Бірақ іздеп келер біреуі жоқ. 70-ке таяған Рустам Жақыповқа осы мекеме үш айдан бері пана болып отыр. Қарт күндерін терезеге телімірумен өткізеді. Әке жүрегі өзі өсіріп, оқытып, құтты орнына қондырған бес қызының бірі келеді ме деп алаңдайды. Әлі бар кезде иен далада елдің малын бағып, балаларына ет-сүтін жіберіп отырыпты. Шаруаға жарамай қалғанда, ешкімге керегі де болмай қалған.

Рустам Жақыпов:

-Балаларымнан топырақ бұйырмай ма деп қорқамын. Бес қыз ғой. Соның біреуі келіп топырақ салмай ма деп уайымдаймын. Басқа ешқандай қайғым жоқ.  

Қария жанын жегідей жеген уайымнан жапан далада жүрегі қысылып құлаған. Қолында бірде-бір құжаты жоқ. Кезінде баспанасы отқа орнағанда түгелдей жанып кеткен екен. Соның кесерінен зейнетақысын да рәсімдей алмаған. Сондықтан өзі сатып ала алмай отырған киім-кешек пен төсек жабдықтарын еріктілер әкелгенде қуана қабылдады.   

Динара Төлтаева, «Үміт бар» қоғамдық қорының еріктісі:

-Егер де бұл кісілердің өздері ашық болса көп жерде көмектесуге болады ғой. Бірақ кейбіреулері өте тұйық. Сондықтан бәріне көмектесе алмайсың. Араларында келіңдер, қолғабыс қылыңдар деп өтініш білдіргендіктен, ондай жандарға қол ұшын бердік.

Қоғамдық қор мұқтаж жандарға қажетті заттарды сатып алу үшін жұрттан қаражат жинапты. Киім, төсек орын, азық-түліктен бөлек, мүгедектерге арналған екі қоларба сатып алуға жеткен. Ән де шырқап көңілдерін көтеруге тырысқандарымен, көбінің мұңлы жанарлары жасқа толды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде