Батыс Қазақстанда жанармай бекетінің неліктен жарылғаны белгілі болды
Бір жарым айға созылған тергеу төтенше жағдайдың кәдімгі газ балонының кесірінен болғанын анықтады. Ал бекеттің өзінен ешбір техникалық ақау табылмаған екен.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
21.09.2016
Оқиға тамыз айының басында Ақсай қаласында болған еді. Шағын шаһардың кіре берісінде орналасқан жекеменшік жанармай бекеті алдымен отқа оранып, кейін жойқын жарылыс болды. Салдарынан бекеттің бір жұмысшысы мен Қарақұдық ауылдық аймағы әкімдігінің жүргізушісі ажал құшқан. Қылмыстық Кодекстің екі бірдей бабы бойынша тергеу басталып, қайғылы жағдайға қызметкерлер бөлмесіндегі пропан балоны себеп делініп отыр. Қауіпті аумақта газ балонын заңсыз пайдаланылғаны дәлелденсе, бекет қожайыны 7 жылға сотталуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!