Қызылордада оқушылардың улануына қатысты директорлар жауапқа тартылуы ықтимал
Қызылордадағы белгісіз адамның қолынан кәмпит жеп, жаппай уланып қалған мектеп оқушыларының 2-уі әлі ауруханада жатыр. Кішкентай науқастарды үйлеріне жіберуге қазір ерте дейді дәрігерлер.
Автор: Жәудір Оразхан
21.09.2016
Ал қалған 4 оқушы бүгін ауруханадан шықты. Негізі облыстық инфекциялық ауруханаға 12 бала түскен. Олардың 6-на алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бірден үйлеріне жіберілген болатын. Айта кетсек, Тасбөгет елді-мекенінде оқитын 6-шы сыныптың оқушыларына кәмпитті бейтаныс кісі берген. Оны жеген балалардың шетінен іші ауырып, жүректері айныпты. Әзірше, полицейлер жасөспірімдерге тәтті таратқан адамды іздеп таппай жатыр. Мектеп директорларының да салғырттық танытқаны анықталса, жауапқа тартылуы мүмкін.
Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:
-Бізде 7 жарым мың мектеп бар. Оқу орындарының директорларына ескерту жасалған және нақты бекітілген тәртіп бар. Яғни, балалардың қауіпсіздігіне ұстаздар да жауапты. Ал оқушыларын қараусыз қалдырған басшыларға шара қолданамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!