Павлодар облысында полицейлер браконьерлерді кинодағыдай қуалауына тура келді
Павлодар облысында орманшылар мен полицейлердің браконьерлерді тура шытырман оқиғалы кинодағыдай қуалауына тура келді. Ақыры ұстатпай кеткен олар осы аймақта бітпес дауға себеп болған құнды артемия салина құртын заңсыз аулаушылар екен.
Автор: Әйгерім Шакаманова
22.09.2016
Ұрыларды 15 минут қуған орманшылар олардың ақыры көзден таса болғанын айтады. Мамандар тек бір күн ішінде Маралды көлінен рұқсатсыз құрт аулаған 20-ға жуық азаматты анықтаған. Аумақтан патруль көлігін аңғарған олардың көбі мотоциклдеріне мініп, көл басынан кетіп үлгеріпті. Ал қолға түскен 6 азамат осы Маралды ауылының тұрғындары. Қара базарда үлкен сұранысқа ие артемия салина құртын тергендердің арасында әйел адамдар да бар. Енді олар бұл әрекеттері үшін қомақты айыппұл төлеуі тиіс.
Аждар Жүсіпов, Павлодар қаласы орман және жануарларды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры:
- Ұсталған азаматтар бұл қадамға елді-мекенде жұмыс болмағандықтан барғандарын айтып түсіндіруде. Ал ауылдықтардан бұған дейін құрттың бір қабын 9 мыңға, қазір 22 мыңға сатып алып жүргендер болса əзірге ұстатар емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!