{metadescription}
0:000:00
Оңтүстік Қазақстанда тағы сұмдық жол апаты болды

Оңтүстік Қазақстанда тағы сұмдық жол апаты болды

Жұрт «ажал жолы» деп атап кеткен «Ташкент-Термез» трассасындағы оқиға салдарынан бүгін түс ауа 4 адам қаза тапты. Шымкенттен 50 шақырым жердегі шайханалардың бірінде тоқтап тұрған «Газельге» «Мерседес» соқтығысқан. Жеңік көліктің 3 жолаушысы сол жерде тіл тартпай кетсе, 25 жастағы жүргізушісі ауруханаға барар жолда көз жұмды.

Бұл осы жол тұсындағы бір апта ішінде болып отырған 3-ші ірі жол-көлік оқиғасы. Дүйсенбі күні мұнда шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 6 адам қаза тапқан болатын. Тағы 16 адам әлі ауруханада жатыр. Күні кеше ғана 8 адамдық микроавтобус пен «Фольксфаген» бетпе-бет келіп, 6 адам жарақат алып, тағы екеуі оқиға орнында тіл тартпай кеткен еді. Күшті соққыдан бірінің тіпті басы жұлынған. Айналдырған 4 күн ішінде жолдың дәл осы бөлігінде 12 адамның өмірі қиылды. Осы 3 қайғылы оқиға бойынша полицейлер тексеру жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде