Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды
Ақтөбеде жұрттың мазасын алған қаңғыбас жындыханаға жатқызылды. Қоғамға қауіп төндіргендіктен дәрігерлер оны құжатсыз-ақ емдемекші. Бұл жігіттің ауруы кезбелік өмірдің кесірінен қозып кеткен көрінеді.
Автор: Жаңалық Ахаш
23.09.2016
Сондықтан не істеп не қойғанын білмейді. Тіпті, іш киімін шешіп, қоқыс жәшігімен де жыныстық қатынасқа түсіп тұрғындарды шошытқан еді. Өзінің айтуынша, аты-жөні Тимур Лян. Кәріс жігіті Қарақалпақстанда туған болуы мүмкін. Ел бойынша сұрау салып, анықтама жинаған дәрігерлер оның бұрын сотталғанын ғана анықтапты. Кісі тонағаны үшін Жаңаөзен мен Алматы түрмелерінде жазасын өтеген. Ол жақта да ауырып, жабық мекеменің жанындағы ауруханада ем алыпты.
Гүлсім Ғабдрахманова, Ақтөбе облыстық психоневрологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары:
-Бұрын да қылмыс жасап сотталған. Бірнеше жерде осылай көшіп-көшіп келген де, Алматыда болған. Алматыда қазір ақпарат алдып жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!