Бахрейнде секс-құлдыққа сатылған қарағандылық қызды дипломаттар геолакация жүйесі арқылы тапқан
18 жастағы бойжеткенді Бахрейнде жезөкшелікке жеккен жеңгетайлар жазасыз қалмайды. Бұл туралы бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Автор: Диас Нұрақын
23.09.2016
Сексуалдық құлдықта болған қыз қазір қауіпсіз жерге орналастырылып, күдіктілер ұсталған. Отандасымызды тәнін саудалауға итермелеген екі жеңгетайды Бахрейн полициясы тергеп жатыр екен. Сондықтан кінәлілер анықталмайынша Қарағандылық бойжеткен уақытша сол елде бола тұрады. Сондай-ақ, елшілік қызметкерлері Бахрейнде басқа да қазақстандық қыздардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Сыртқы істер ведомствосының мәліметінше, жыл басынан бері жат елде сексуалдық құлдықта болған 8 отандасымыз елге қайтарылған. Бір ай бұрын Бахрейнге жұмыс іздеп барған Самал есімді бойжеткен өзінің құлдық қамытын кигенін айтқан болатын. Оны шетелге құрбысы алдап апарып жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлепті. Ал құлдыққа сатылған бойжеткенді отандық дипломаттар ұялы телефонындағы геолакация жүйесі арқылы тапқан.
Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі
-Қыз қазір арнайы қонақүйде. Қазір полиция тиісті шараларды қолданып жатыр. Осы шаралар аяқталғаннан кейін оны Қазақстанға қайтару мәселесі шешіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!