Ақтөбеде лаңкестер басып кірген қару-жарақ дүкенінің директоры сотталды
Ақтөбеде содырлар шабуыл жасаған «Паллада» қару-жарақ дүкенінің директоры 1 жылға бас бостандығынан айрылды. Енді ол жазасын қоныс колониясында өтемек. Сонымен қатар, 2 жыл бойы коммерциялық ұйымдарды басқаруға тыйым салынды.
Автор: Жаңалық Ахаш
23.09.2016
Артем Горлаев үкім шықпастан бұрын қобалжығыны сондай соңғы сөзін әрең айтты. Ол содырлар қолынан қаза тапқан марқұмдардың туыстары мен жараланғандардан кешірім сұраумен болды. Кінәсін де бұған дейін мойындаған болатын. Өйткені дүкендегі қару-жарақ оқталған күйі сөрелерде ашық жатқан. Кез-келген адамның сатушыдан тартып алатын мүмкіндігі болыпты. Маусым айында лаңкестер баса көктеп келіп, осы дүкеннен алып шыққан мылтықпен үш адамды атып өлтірген еді. Тағы екі тұрғын жарақат алды. Әйтсе де жәбірленушілер кешірім бергендіктен судья жеңіл жаза тағайындаған.
Ерлан Бақытжан, Ақтөбе қалалық №2 соттың судьясы:
-Артем Горлаев үкім күшіне енген күні ғана қамауға алынады. Оған дейін шығарылған үкіммен келіспесе облыстық сотқа апелляциялық шағым түсіре алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!