{metadescription}
0:000:00
Алматы облысында тұрғындар  ұрыларды ұстай алмай отырған полицияның жайбасарлығына наразы

Алматы облысында тұрғындар ұрыларды ұстай алмай отырған полицияның жайбасарлығына наразы

Ұрлықтан көш ашпағандар күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айрылған. Алматы облысы, Есік қаласында соңғы екі айда үй тонау дерегі көбейіп, тұрғындардың тынышы қашып отыр. Екі айдан бері пәтерлері  қатарынан үптеп кетіп жатқанымен қылмыс атаулының бірі де ашылмай келеді. Сондықтан тұрғындар полицияның сылбырлығына да наразы.

Есік қаласының тұрғындары бүгінде үйін қараусыз қалдырмайды. Өйткені, біреу қалмаса, дымын қалдырмай сыпырып кетеді. Ұры екеу көрінеді. Түстен кейінгі 2 мен 4-тің аралығында адамы жоқ үйлерге түсетінін де жұрт біліп алған. Тек, күдіктінің түр-тұлғасы белгілі болса да қалалық полицияның қимылдайтын түрі жоқ.

Гүлбаһрам Мансамова, Есік қаласының тұрғыны:

-Түскі сағат екіден 3 жарымға дейін үйде болмап ем. Сол аралықта тереземізді қиратып кіріп, құнды заттарымызды тонап кетіпті. Біз жоқта үйге екі адамның кіргенін маңайдағы балалар көріпті. Тым болмаса, солардың фотосұлбасын жасауға да болар еді. Айға жуық уақыт өтті, бір дерек жоқ.

Гүлбаһрам сияқты осы көшедегі бірнеше үйге түскен ұрылар із де қалдырмайды екен. Полициядан көңілдері қалған тұрғындар терезелеріне жаппай темір тор орнатып жатыр. Өйткені, қорғанудың басқа жолын көріп отырған жоқ. 

Айгүл Шөкенова, Есік қаласының тұрғыны:

-Түнгі 1-де үйіме ұры түсті. Адам кіргенін білдім де, залдың шамын жағып едім,  олар  қорқып қашып кетті. Қашқанда көршінің  қақпасынан секіріп кетті. Кеше тағы  түнде 3-ке 20 қалғанда үйдің қоңырауын басты

Тұрғындардың өздері аумақтық инспекторының атын да естімеген, түрін де танымайды. Дегенмен, жабулы қазан күйінде қалып жатқан қылмыстық жағдайлардың тезірек ашылғанын тілейді. Ал полиция өкілдері тілшілер барғанын біліп, маңайымызды төңіректеп жүрсе де қылмыстық жағдайларға қатысты бір ауыз пікір білдіруге жараған жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде