Қысқы Универсиадаға еріктілерді іріктеу басталды
Қажетті 3 мың адамды жинау үшін ұйымдастырушылар униветситеттерді аралап, студенттерге үндеу жасауды жалғастыруда.
Автор: Олжас Байжан
27.09.2016
Екі апта бұрын ерікті болуға ниет танытқандар аз деп, шетелдіктерді шақыртатынын да мәлімдеген осылар болатын. Бірақ ол ойларынан айныпты. Енді тіпті 28-ші қысқы Универсиадаға қызмет көрсетуге ниеттілер тым көп деп отыр. Ресми сайттарында 5 мыңнан астам үміткердің тіркелгенін жазған. Оның 1300 Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының студенттері. Екі айдың ішінде осылардың ішінен еріктілерді таңдап алулары тиіс. Қонақтарды қарсы алу, нысандарға апару және қажетті ақпаратты жеткізу жұмыстарына 18-ден асқан кез-келген тұрғын қатыса алады екен. Олар арнайы спорттық киіммен, тамақпен, ұялы байланыспен және қала ішінде тегін жүру мүмкіндігіне ие болады. Бұл мақсатқа бюджеттен 210 млн теңге бөлініпті.
Асылхан Төлепов, актер, универсиада еріктісі:
– Универсиада кезінде жұмыс атқарамыз. Қонақтарды қарсы алу бар, концерттік шаралар мен шоулар бар, режиссерларға көмектесу деген бар. Өзімнің салам бойынша мен жұмысымды атқарамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!