Ақтөбелік қажы жалақысын сұраған жұмысшыларды есекке теңеді
Ақтөбеде орталық мешіттің әкімшіcі қарамағындағыларды есекке теңеді. Жақында ғана қажы атанған Бақыткерей Балкенов жалақыларын сұрай барғандарға осылай ақырып, қуып шығыпты.
Автор: Жаңалық Ахаш
27.09.2016
-Енді «есекбас» деп сөз айтып қалып едім сол ғой. Соны жазған ғой. Мен де кешірім сұрадым. Мешіттің ауласында болған жайт қой.
Алла үйінің әкімшісінен қарапайым жұмысшылар мұндайды мүлдем күтпеген. Сондықтан «Нұрғасыр» мешітінің отын жағып, ауласын сыпырып жүрген үшеу бірден сотқа шағымданды. Әйтсе де араға басқа имамдар түсіп, жәбірленушілер райынан қайтқан. Сөйтіп, айлықтарын санап беріп, соттағы іс те тоқтатылды. Дегенмен, Бақыткерей қажыдан балағат сөз естіген екі жұмысшының мешіттегі қызметтеріне қайта барғысы жоқ. Көңілдері қалған олар жұмыстан шығуға арыздарын жазып үлгеріпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!