Қарағанды облысында аудан прокурорының «сөз түсінбейтін топастарға» арнаған әні хитке айналды
Қарағанды облысында аудан прокуроры «сөз түсінбейтін топастарға» арнаған өлеңін ғаламторға жария етті. Бала кезінен өлең жазумен әуестенетін Осакаров ауданының прокуроры Берік Ахметжанов айналасындағы сатқын адамдарды шайтандарға теңеген. Енді оның шығармашылығын ішкі қауіпсіздік басқармасы талдауға кірісіпті.
Автор: Саят Сабдалы
27.09.2016
-Черт по жизни - тот же "мудрила", только круче, друзья, вам скажу. Может сделать любую подставу, а потом улыбаться в глаза, учинить по тихушке расправу и врубить затем тормоза.
Сотталғандардың тілін жетік меңгерген Берік Ахметжанов арамызда сатқындар көп екенін ескертеді. Айтуынша, оларды басып-жаншып, көзін құрту керек. Төбесіндегі елтаңбаға қарап оның шабыты жұмыс орнында ұстағаны байқалып тұр. «Талантты» прокурор шығармашылықпен қатар, спортқа да икемі бар екен. Қара күштің арқасында зілтемір көтеруден Азия чемпионы да атанған. Сегіз қырлы жігіттің қылығында кереғарлық бар жоғын облыстық прокуратураның ішкі қауіпсіздік басқармасы тексереміз депті. Айтпақшы, жас та болса тек басшылық қызметтерде жүретін Берік Ахметжанов Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың туған інісі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!