Жамбыл облысында қызыл кітапқа енген аң-құсты атқан арабтарды прокурорлар босатып жіберген
Сауд Арабиясынан келген аңшылар Жамбыл облыстық прокуратурасы мен Ішкі істер департаменті арасындағы үлкен дауға себеп болды. Тәртіп сақшылары Бетбақдалада Қызыл кітапқа енген аң-құсты жайратып жүрген екі шейхты ұстаған екен. Кейін оларды аудан прокуроры босатып жіберіпті. Жеме-жемге келгенде бай браконьерлер жазадан құтылып кеткелі тұр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
27.09.2016
- 12-ші аңшы мылтығы айғақ зат ретінде алынды. Сонымен қатар этил пакетіне салынған құстар алынды.
Қос арабтың қымбат көлігінен тәртіп сақшылары тұқымы сиреп бара жатқан 6 қарабауыр бұлдырығы мен бір дуадақты және тіркеуде жоқ ескі аңшы мылтығын тәркілеген. Қызыл кітапқа енген құсты өлтіргендері үшін брконьерлерге 6 млн теңге айыппұл немесе үш жылға дейін сотталуы мүмкін еді. Алайда прокурорлар полицейлердің қамауға алу шешімін негізсіз деп тауып, қаскөйлерді босатып жіберіпті. Қазір шейхтардың қайда жүргендері белгісіз. Полиция прокурорлардың мұнысын түсінбей отыр. Ал олар өздерінше ақталып әлек. Айтуларынша, шетел азаматтары жазадан құтылып кетті дегені бекер.
Абырой Азаматов, Жамбыл облыстық прокуратурасы 1- басқармасының аға прокуроры:
-Күдіктінің жасаған қылмыстық іс әрекеті орта дәрежелі санаттағы қылмыс түріне жатады. Тергеу үшін ішкі істер бөліміне келіп тұруы міндеттелді. Олардың құжаттары тергеушілердің қолында. Сондықтан ешқайда кете алмайды. Қазіргі таңда екі шетел азаматы Жамбыл облысында тұрақтаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!