{metadescription}
Елімізде Ұлттық біріңғай тестілеу тағы өзгеріп  жатыр
Елімізде Ұлттық біріңғай тестілеу тағы өзгеріп  жатыр

Елімізде Ұлттық біріңғай тестілеу тағы өзгеріп жатыр

Бұл жолы сұрақтардың саны 125-тен 120-ға қысқартылған. Бар болғаны 5 сауалға азайғанымен, енді сынақтардың мазмұнына талап күшейтілмек.

Бұдан-былай түлектер мектепте де емтихан тапсырып, жоғарғы оқу орнына түсерде тестілеуден өтетіні белгілі. Сұрақтардың санын сәл де болса қысқартқан Білім министрі оның 60-ы математика, Қазақстан тарихы, қазақ және орыс тілдеріне қатысты болатынын айтты. Қалған 60 сауалға 11-шы сынып оқушылары таңдаған мамандығы бойынша жауап беруі тиіс. Сөйтіп тест сұрақтарының бір ізге түсеріне еліміздің бас мұғалімі сенімді.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Мамандық бойынша келетін 60 сұрақ екіге бөлінеді. Мысалы, медицина мамандығын таңдаған талапкер биология пәнінен 30 кейін химия пәнінен 30 сауалға  жауап беруі тиіс. Жалпы, ҰБТ-ны тапсыру  ережесі сол күйінде өзгеріссіз қалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.