Ақтөбенің асабалары Ninety One тобының концертіне қарсы шықты
Ақтөбелік өнерпаздар «Найнти уан» тобының аймаққа гастролге келулеріне қарсы. Батыстағы әріптестері сырға тағып, боянған жігіттерден жиреніп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
28.09.2016
Дастан Сүлейменов, ақын:
-Біздің қарсы болып тұрған себебіміз: шашын бояп, құлағына сырға таққаны. Ақтөбе облысының барлық өнер адамдары атынан біз өзіміз қарсы шығып тұрмыз.
«Найнти уан» тобының стадионда өтетін концертін болдырмау туралы жергілікті билікке арыз да түсірген. Қол қойғандардың көбі той-бизнестің көркін қыздырып жүрген әнші-асабалар. Ал оған жауап беруі тиіс мәдениет басқармасының басшысы Қанат Айтбаев Астанада жүр. Ол оралғанша 91 тобының концерті тарқап кететін сыңайлы. Бұған дейін осы топқа қатысты Шымкент пен Қызылорда жастары қарсы шығып, аймақтарына жолатпай қойған. Әйтсе де топ продюсері Ербол Беделхан алған бетімнен қайтпаймын деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!