{metadescription}
Батыс Қазақстанда ең ірі қарасора алқабы табылды
Жайқалып тұрған есірткінің құны қара базарда шамамен 50 млн теңге. Марихуананы Шолпан ауылындағы орманның ішіне егіпті. Тәртіп сақшылары қылмыскерлерді ұзақ уақыт сырттай бақылаған. Олар арам өсімдіктерін тек түнде баптап, суғаруға келеді екен. Заң бұзушыларды қолға түсіргенде 2 мың түп қарасора, 132 келі дайын марихуана тәркіленді. Құрықталған үш азаматтың бірі 70-ке таяған зейнеткер. Екеуі қызылордалық, үшіншісі Орал қаласының тұрғыны.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
28.09.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары
загрузка...