{metadescription}
Солтүстікте жемге де жарамайтын сұлы таратқан инвестор жұрттың ашуын келтірді
Солтүстікте жемге де жарамайтын сұлы таратқан инвестор жұрттың ашуын келтірді

Солтүстікте жемге де жарамайтын сұлы таратқан инвестор жұрттың ашуын келтірді

Солтүстік Қазақстан облысында бүтін бір ауыл тұрғындары жер телімдері үшін алатын өтемақыға жарымай отыр. Алғашқыда Рощинское елді-мекеніндегі әр отбасын бидайға қарық қылған инвестордың соңғы жылдары сараңдық таныта бастапты. Былтыр тұрғындарға тіпті 5 тауықтың жеміне де жарамайтын көгерген сұлы таратқан. Наразы жұрттың инвесторды қуамыз деген әрекетінен де түк шығар емес.

Малмен жан бағып отырған мына кісілер үшін инвестордың күзгі орақтан кейін беретін азын- аулақ арпа мен сұлысы алтыннан қымбат. Алғашқы жылдары әр отбасына 5-6 тоннадан жем үлестірген серіктестіктің жылдан жылға қолы тарыла бастапты. Былтырғы таратқаны тіпті мазақ -, дейді тұрғындар. 

Олжабай Ахметов, Рощинское ауылының тұрғыны:

-Былтыр 800 кг ғана берді. 75 гектар жеріміз бар. Соған 800 келі  деген немене ол, 10 тауығыңа да жетпейді. Өзің жейсің бе, тауыққа бересің бе ?

Заңға сай тұрғындарға тиесілі жерге бидай сепкен инвестор өнімнің 10 пайызын халыққа үлестіруі керек. Былтырғы бассыздыққа әрең шыдаған жұрт жерлерін қайтармақшы болса, онысы банкте кепілдікте тұрған болып шықты. Дауды сотта шешіп жүргенде ескі инвестор еш рұқсатсыз халықтың жеріне қайтадан бидай сеуіп тестаған.

Сағындық Исмаилов, Рощинское ауылының тұрғыны:

-Комбаиндарды тоқтаттық . Әкімдіктен адамдар келіп полиция қаптап кетті. Таңертең комбаиндар қайтадан кетті. Бізге береміз деді. Бірақ өтірік боп шықты.

Жұрт енді әупірімдеп жүріп, банктен сот арқылы қайтарып алған  телімдеріне әлі де иелік ете алмайтын түрі бар. Өйткені жерге  серіктестіктің салық пен өзге қарыздары үшін сегіз түрлі шектеу қойған екен. Басқа амалдары жоқ ауылдықтар енді ескі инвестордың қолына тағы қарап қалды.      

Нүгірбек Сәдуақасов, серіктестік құрылтайшысы:

-Астық гектарынан 8центнерден ғана түсіп жатыр. Жаз бойғы жауын салдарынан бидайдың іші қуыс. Сондықтан биыл да телімдер есебінен жұртқа жарытып жем бере алмаймын. Орақ науқаны бітсін, көреміз.  

Сондықтан инвестордан жерлерін қайтара алмаған жұртқа оның бергеніне қанағат етуден басқа амалдары жоқ. Ақшаны айтпағанда, кәсіпкер тұрғындарға бидай емес сұлы мен арпа ғана үлестірмек.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде