Семейде берешегі көп тұрғындар әжетханаға кіре алмай қалды
Семейде коммуналдық мекемеге берешегі бар тұрғындар кәріз жүйесінен жаппай ажыратылып жатыр. Өйткені, жұрт жылусыз қалса да төлем жасауға асығатын емес. Енді жергілікті билік олардың жылу құбырын кеспей, әжетханадан қағуда.
Автор: Ұлан Нұрахмет
28.09.2016
Бүгінде семейліктердің жылу үшін берешектері 342 млн. теңгені құрап отыр. Кеш құрым олардың үйін жеке-жеке аралағаннан бастықтар да шаршаған. Борышкерлерге өз қолдарымен төлем қағаздарын таратып ескерту жасаған екен. Алайда, онысынан қайран болмады. Енді борышкерлер төлем жасаған күннің өзінде кәріз жүйесін бітеген шығынды қоса өтеуге міндеттеліп отыр. Бүгін жәргілікті әкімнің орынбасары өзі төбеге шығып 5 қабатты қос жатақхананың борышкерлерін ажыратып тастады. Себебі, мұндағы жұрттың коммуналдық мекемеге қарызы шамамен 2 млн теңгеге жеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!