{metadescription}
Елімізде СПИД жұқтырған қыз-келіншектер көбейген
Елімізде СПИД жұқтырған қыз-келіншектер көбейген

Елімізде СПИД жұқтырған қыз-келіншектер көбейген

Елімізде иммун тапшылығы вирусымен ауыратын әйелдер қатары күрт көбейген. Республикалық СПИД орталығы мамандары осылай дабыл қағып отыр.

Биылғы жарты жыл ішінде қауіпті дертті жұқтырған әйелдер саны 800-ге жетіпті. Нәзік жандылар көбіне қауіпті кеселді жыныстық жолдармен жұқтырған. Ал науқас жас жігіттер есірткіге тәуелді. Сондықтан, бір-біріне көбіне ине арқылы тарап жатыр дейді мамандар. Жалпы біздің елде вирус жұқтырған 20 мыңдай адам бар екен. Бұл да нақты сан емес. Солардың 81 пайызы ғана өз аурулары туралы білетін болып шықты.

Асылхан Әбішев, Республикалық СПИД орталығының бас директоры:

-Осы аурумен ауыратын әйелдердің басым көпшілігі жыныстық қатынастан кесел тауып отыр. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл ауру тапқан қыз-келіншектер саны 191 адамға артқан. Дегенмен,біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Еліміздің бар аймағында СПИД орталықтары тегін жұмыс істеп жатыр.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде