{metadescription}
Алматыда паркоматтарға ақы төлемегендерді полиция аулап жатыр
Алматыда паркоматтарға ақы төлемегендерді полиция аулап жатыр

Алматыда паркоматтарға ақы төлемегендерді полиция аулап жатыр

Осылайша бір аптаның өзінде көлігін ақылы тұраққа қойып, бірақ теңгесін бермей кеткен 300-ге жуық жүргізуші 2 миллионнан астам айыппұл төлеген. Паркоматқа «жұрттың бойы үйренсін» деп бастапқыда тиіспеген паркинг иелері көлік қожайындарына қиғылықты енді салуда. Қазір қала орталығында көп жердің ақылы тұраққа айналған.                    

Көлікті көшеге қою қазір нағыз мұңға айналған. Қалтасынан артық ақша шығарғысы келмегендер машинасын қайда тығарын білмей әлек. Ал қалаға қайта айналып келген ақылы автотұрақтар болса, әр секундына тиын сұрап тұр. Төлемегендерге – әкімшілік жаза бар. Осылайша, өткен демалыстан бері 300 жүргізушіге 2 миллион теңге айыппұл салыныпты. Аяқасты аласапыран болған жұртты «Алматыспецтехпаркинг» мекемесі «алдын-ала айтылған» деп сөзбен жұбатып отыр.

Марат Пірімбеков, «Алматыспецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры:

-Әр паркоматтың алдында информация бар осындай жаза қолданылады ақы төлемеймін дегендерге. Оның бәрі айтылып жатыр. Мысалы, осы үш айдың ішінде бұл мәселені біз жүргізіп, ақпарат арқылы жеткізуге тырысқанбыз.

Ал ақылы автотұрақтар болса, күн санап көбеюде. Олардан қашқан көліктер тұрғын үйлердің арасына барып тығылады. Соның кесірінен, қазір орталыққа жақын үйлердің алдында аяқ алып жүру мүмкін емес. Бірақ, мұнымен шаруасы жоқ прокурорлар қайта паркоматтардың арқасында біраз айқайдың алдын алдық деп отыр.       

Мадияр Басшыбаев, Алмалы ауданының прокуроры:

-Ақша жинайтындар мен автожүргізушілері арасында әрқашанда ұрыс-керіс, жанжал, төбелес болып жатады. Автожүргізушілер айтады «сен кімсің, мен неге саған ақша төлеймін» дейді, анау дұрыс ештеңе түсіндіріп айта алмайды. « Төле, елдің бәрі төлеп жатыр» дейді. Мына жоба жүзеге асқанға дейін қаншама қылмыстар болды. Қазір мүлдем жоқ қылмыс.

Төбелес басылғанымен, теңге жинайтын ондай «жасыл киімділер» көшеде әлі көп. Жол бойын басыбайлы иемденгендер баяғы әдетінше 100 теңгеден жинап жүр. Бірақ құзырлы орындардың оларға да, бас-басына автотұрақ ашып алған дәмханалар мен банк секілді мекемелерге де тісі батпайтын сыңайлы. Әйтеуір айыппұл саламыз дегенімен, одан шығып жатқан нәтиже жоқ.

Қуаныш Жайсаңбаев, Бостандық аудандық ІІБ бөлім бастығы:

- «Тек клиентке арналған» деген автотұрақтар заңсыз. Олай маңдайша орнатқандар заңды өрескел бұзып тұр. Ондай мекемелерге айыппұл қарастырылған 100 айлық көрсеткішке дейін.

Тиынын төлеп құтылатын кафе иелері кейін көше бойын қайтадан қоршап алып жатыр. 

Салдарынан, салы суға кеткен жүргізушілер ақылы паркингтерге тұрақтауға мәжбүр. Мұнда сағаты – 100 теңге. Ақылы паркоматтарды көлік қарасы көптеу жерден ашқан мекеме жүргізушілердің жағдайын да ойлап, айына 6 мың теңге тұратын ақылы «абонементтер» де ұсынып отыр. Алайда, оның өзі аптасына тек 5 күн жарамды екен.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде