{metadescription}
0:000:00
Елімізде ең көп астық себетін өңірдің халқы ең қымбат нан жеп отыр

Елімізде ең көп астық себетін өңірдің халқы ең қымбат нан жеп отыр

Петропавлда ас атасының бағасы соңғы бір айда екінші рет қымбаттап, қазір 90 теңгеге жеткен.

Тамыз айында ғана бір бөлке 78 теңге болатын. Кешелі бері 90 теңгеден сатылуда. Бұрын «әлеуметтік» деп аталған кірпіш нан енді «қалалық» деп атын өзгерткен. Бұл бағаны қиындықсыз көтере беру үшін жасалуы мүмкін.  Оның орнына «әлеуметтік» деген атпен дәмсіз, құнарсыз өнім шығарыла бастапты. Монополияға қарсы агенттік осы адам алмайтын нанның бағасын бақылап ғана отыр. Оның құны да соңғы айда 5 теңгеге қымбаттап, қазір 66 теңге тұрады. Өндірушілер бұған былтырғы астықтың тым аз болуы себеп деп ақталуда.

Ерлан Қайшыбеков, «Петропавл нан-тоқаш комбинаты» АҚ  директоры:

-Былтырғы орақ науқанынан биылғы күзге дейін нан бағасы шамамен 10 пайызға өсті. Өткен жылы күзде бидайдың тоннасын 39-40  мың теңгеден сатып алып едік, биыл көктемде оның бағасы 65 мың  теңгеге жетті. Соның өзін әрең таптық. Облыста бидай тапшы болды.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде