{metadescription}
0:000:00
Ішкі істер министрлігі ұшақты уақытында жеткізбеген Украинаға талап қойды

Ішкі істер министрлігі ұшақты уақытында жеткізбеген Украинаға талап қойды

Украинамен арадағы дауға қатысты Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады. Айтуларынша, Харьковтағы ұшақ жасау зауытына тапсырысты орындау үшін 3 ай уақыт берген. Тағы да уәдесінде тұрмаса Ұлттық гвардия сотта қуына бермек.

Өйткені істі созбалаңға салған зауыт АН-74 ұшағын құрастыруға біраз уақыт сұраған. Сондықтан Ішкі істер министрлігі келісім-шартты жыл соңына дейін ұзартуға мәжбүр. Оның үстіне 28 миллион долларға бағаланған әуе техникасы үшін зауытқа алдын-ала жарты ақысын төлеп қойған. Енді қыруар қаржы да , ұшақта жоқ. Оның үстіне украин соты Ұлттық гвардияның 15 миллион долларды қайтару туралы шағымын қанағаттандырмай тастапты. Осылайша, Харьков зауыты АН -74-тің біреуін әкеп бергенімен, екіншісінің тағдыры әлі беймәлім боп тұр. Негізі Харьков зауытының жұмысы Ресеймен арадағы байланыс үзілген соң тұралай бастаған. Себебі қос мемлекет ұшаққа қажетті тиесілі бөлшектерді бір-бірінен алып келген екен. Бір өкінішісті, тараптардың тартысынан Қазақстан зардап шегіп отыр.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

-Әскери бөлім Харьков зауытымен ұшақты жеткізу мерзімін созу туралы қосымша келісімге қол қойды. Келісім-шарт міндеттемелері орындалмаған жағдайда, айыппұл санкциясы көрсетіле отырып, сотқа шағым жасалатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде