{metadescription}
Әйелін өлімші етіп сабаған Бақытбек Есентаевтың соты Талдықорғанға  ауыстырылды
Әйелін өлімші етіп сабаған Бақытбек Есентаевтың соты Талдықорғанға  ауыстырылды

Әйелін өлімші етіп сабаған Бақытбек Есентаевтың соты Талдықорғанға ауыстырылды

Танымал продюсер Баян Есентаеваны өлтіруге оқталды деп айыпталған күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты сот бүгін басталмай жатып бітті. Өйткені, істі қарауға қатысатын алқа билер жиналған жоқ.

Қаскелеңдегі ауданаралық мамандандырылған сотта қаралып жатқан процесске негізі 17 адам қатысуға ниет білдірген. Бірақ жәбірленуші тарап үш үміткерге қарсылық танытса, тағы екеуі прокурорға ұнамады. Сөйтіп, алқа билер толық жиналмай, іс кейінге қалып отыр. Тіпті келесі отырыс Талдықорғанда өтетін болып шешілді. 10-шы маусымда шетелден кезекті шығармашылық сапардан оралған Баян Есентаеваны күйеуі әуежайдан күтіп алып, қала сыртында өлімші етіп сабаған болатын. Бақытбек Есентаев 20 жыл отасқан жарына зорлық көрсеткені, өлтіруге оқталғаны үшін айыпталуда.

Бекболат Жексейітов, Бақытбек Есентаевтың адвокаты:

-Көрсетілген адам саны жиналған жоқ. Заң бойынша іріктеу жасалған соң алқа билер қатарына лайықты 17 адам қалуы тиіс еді. Бірақ бүгін 17 үміткер болды, оның үшеуі жәбірленушілердің, екеуі айыптаушы тараптың көңілінен шықпады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.