Қызылордада оқушыларды кәмпитпен ұшындырған адамдар табылмай жатыр
Қызылордалық оқушылардың бейтаныс адамдар берген кәмпиттен ұшынғаны расталды. Сараптама жүргізген мамандар тәттінің ішек қабынуына алып келгенін алға тартып отыр.
Автор: Олжас Байжан
28.09.2016
Анықталғандай, түсініксіз тілде сөйлеген жігіттер аялдамадағы екі оқушыға бір қорап кәмпит беріпті. Қуанған балалар сөмкелерін толтырып алып, мектепке барған соң сыныптастарына таратып берген. Бірнеше сағаттан соң оқушылар өздерін жайсыз сезініп, жүректері айнып, тіпті лоқсыпты. Маркировкасы еліміздің талабына сай келмейтін кәмпиттерде консерванттар мен бояғыштар артық мөлшерде болуы мүмкін дейді мамандар. Оқиға 19 қыркүйекте Қызылорда маңындағы Тасбөгет ауылында болған. 12 оқушының алтауы ауруханаға түскен еді. Қазір барлығы жазылып, үйлеріне жіберілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!