{metadescription}
0:000:00
Елімізде кәсіпкерлер жұмыссыздарға қатысты талапты түсінбей шу шығарды

Елімізде кәсіпкерлер жұмыссыздарға қатысты талапты түсінбей шу шығарды

Жұмыссыздықпен күрес жұмысбастылардың бас ауруына айналды. Себебі, жаңа ереже бойынша енді заңды тұлғалар бос вакансиялар болса Жұмыспен қамту орталығын құлағдар етуі керек. Тіпті, жұмыс орындары жуық арада босайтын болса да айтуы тиіс екен. Талапты орындамағандарға және үш күн ішінде бос жұмыс орны туралы хабарламағандар айыппұл арқалайды. Бұдан шошыған, әрі өзгерістің қыр-сырын түсінбеген кәсіпкерлер бүгін бірқатар өңірлерде шу шығарды.

Алматыдағы жұмыспен қамту орталықтарының алдында әдеттегідей екі қолға бір күрек таба алмаған жандар емес, бизнесін дөңгелетіп жүрген кәсіпкерлер ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Оған заңға енгізілген  өзгертулер себеп болған. Яғни заңды тұлғалардың барлығы бос жұмыс орны пайда болған сәттен 3 күннен кешіктірмей есеп өткізуі тиіс. Сонымен қатар, пайда болып қалуы мүмкін вакансияны жылына екі мәрте болжауға міндетті.

Кешегі күнге дейін кәсіпкерлердің барлығынан бос қағаздар да қабылданып келсе, енді оның еш қажеті жоқ дейді орталық мамандары. Бірақ талапқа бағынбағандарға айыппұл салынатыны жұртты алаңдатып отыр.

Айыппұл арқалағысы келмеген ақтаулық жұмыс берушілер де таң атысымен бірінің үстіне бірі шығып, бір жапырақ қағазды өткізу үшін таласуда. Ал бұл өзгерістер жайлы жергілікті кәсіпкерлер палатасы да, жұмыспен қамту орталығы да алдын-ала ескертпепті. Сондықтан ұзынқұлақтан естігендер қат-қат құжаттарын арқалап келген. Енді анықталғанындай, жеке кәсіпкерлер мен патенті тоқтатылған заңды тұлғалар вакансия жайлы ақпаратты беруге міндетті емес екен. Сондай-ақ жақын арада бос жұмыс орны көзделмесе, онда есеп өткізудің қажеті жоқ. 

Асхат Тұрсынқұлов, Жұмыспен қамту орталығы еңбек нарығын болжау және сараптау бөлімінің жетекшісі:

-Бос жұмыс орны пайда болған соң жұмыс беруші осы форманы толтырып, халықты жұмыспен қамту орталығына өткізеді. Біз мамандарды табуға қол ұшымызды созамыз. Ал бұл мәліметті жасырған заңды тұлғаларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.  

Түсіндіру жұмыстары тыңғылықты атқарылмағандықтан қазір еліміздің барлық өңірінде осындай алашапқын болып жатыр. Ал келесі жартыжылдықтың есебі алдағы жылдың 1-сәуіріне дейін өткізілуі тиіс. Шенеуніктер ол уақытқа дейін жүйе бір қалыпқа келтіріледі деп сендіруде

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде